12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Ашық есік» күні: Әкелер мерекесіне арналған тағылымды кездесу

Қармақшы аудандық пробация қызметі мен Отбасы қолдау орталығы бірлесе отырып, пробация есебінде тұрған азаматтарға арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Іс-шара «Әкелер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылып, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Шараның негізгі мақсаты – әкелердің отбасындағы рөлін айқындап, пробацияда тұрған азаматтарды қоғам өміріне бейімдеу, олардың отбасына деген жауапкершілік сезімін арттыру. Сонымен қатар, қатысушыларға өздерін мазалаған сұрақтарын сала мамандарына тікелей қойып, нақты жауап алуға мүмкіндік жасау болды.

Іс-шараға аудан және кент ардагерлер кеңесінің төрағалары, аудандық прокуратура қызметкерлері және түрлі сала мамандары қатысып, өз пікірлерін білдіріп, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Жиын барысында қатысушылармен ашық пікір алмасу өтіп, әлеуметтік және құқықтық мәселелер талқыланды.

Шара аясында үстел теннисі мен шахмат ойындары ұйымдастырылып, есептегі азаматтар белсенділік танытты. Кездесу соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Мұндай бастамалар – пробация есебінде тұрған азаматтардың қоғамға қайта бейімделуіне, рухани қолдау табуына және отбасылық жауапкершілікті сезінуіне жол ашады.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...