12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түзеу мекемесінде сотталған азамат неке қиды

Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментінің № 3 түзету мекемесінде ерекше оқиға орын алды — мұндағы сотталған азамат пен азаматша ресми түрде некеге отырды.

Мекеме әкімшілігі тарапынан барлық қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетілді. Неке АХАЖ органдарының қатысуымен ресми түрде тіркеліп, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері куәгер болды.

Бұл – Қазақстан Республикасының Конституциясында және “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” заңында бекітілген әр азаматтың отбасын құру құқығын сақтау мақсатында жүзеге асырылып отырған шара.

Мекеме әкімшілігінің айтуынша, мұндай шаралар сотталған азаматтың қоғамға оң көзқарасын қалыптастыруға, әлеуметтік байланыстарын сақтап қалуға ықпал етеді.

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...

Жетісу облысында пробация қызметі профилактикалық шара өткізуде

Жетісу облысы Ескелді аудандық пробация қызметі жергілікті полиция қызметкерлерімен...