Ұлттық ойындар – рухани мұра

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан полициясы» күніне арналған идеологиялық және имидждік іс-шаралар жоспарына сәйкес, ұлттық ойындарды жаңғырту, насихаттау және дамыту мақсатында №21 мекемеде 2025 жылғы 19 маусымға дейін «Ұлттық ойындар күні» аталып өтті. Іс-шара сотталғандар арасында халқымыздың мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.

Аталған күні сотталғандар арасында қазақтың дәстүрлі ойын түрлері – тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату өткізілді. Бұл ойындар қатысушылардың қызығушылығын арттырып, ұмыт бола бастаған ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртуға ықпал етті.

Іс-шараға барлығы 25 сотталған азамат қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасып, тәрбиелік мәні жоғары рухани-мәдени жұмыстардың бір бөлшегіне айналмақ.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...