Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметтерінде FSM Social базасы іске қосылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметтерінде мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету процесін автоматтандыру және ашықтығын арттыру мақсатында FSM Social атты бірыңғай цифрлық платформа енгізілді.
Бүгін осы жүйені іске асыру бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Е. Жаналиновтың төрағалығымен жиын өтті. Жиынға Отбасыны қолдау орталықтарының қызметін жетілдіру жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Фарида Сағындық қатысты. Жиын барысында Отбасын қолдау орталықтарының қызметі және FSM social бағдарламасын енгізу туралы айтып өтті.
• FSM Social – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен әзірленген мобильді қосымша мен дерекқор. Ол АӘК-ке үміткер отбасыларды цифрлық форматта тексеруге мүмкіндік береді. Платформа геолокацияны автоматты түрде тіркейді және өтініш берушінің нақты тұрғылықты мекенжайы мен тіркелген мекенжайының сәйкестігін тексереді. Бұл көмекті заңсыз алуды немесе екі рет алуды болдырмауға көмектеседі.
Одан соң Фарида Сағындыққызы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің қызметкерлерімен кездесіп, FSM social бағдарламасын енгізу бойынша оқыту тренинг өткізілді. Кездесу соңында FSM Social арқылы 2 өтініш өңделуге жолданды.

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...

Состоялся творческий конкурс «Лучшая стенгазета»

В женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся...

Семей колониясында үздік психологиялық қабырға газеті байқауы өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №19 мекемесінде жазасын өтеп...