Әдеп жөніңдегі уәкілмен түсіндіру жұмыстары жалғасуда

         Бүгін, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің әдеп жөніңдегі уәкілі Нұржан Узбехановпен Департамент қызметкерлері арасында, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары аясында, кезекті түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

         Кезедсуге Алматы қаласы әкім аппаратының әдеп жөніңдегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниұлы қатысып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіре кетті.

         Сонымен қатар, Алматы қаласы дін істері жөніңдегі басқарманың қызметкері Мейрамбаев Мирас Алмасұлымен мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған профилактикалық дәріс оқылып, арнайы слайдтар көрсетілді. 

         Спекерлермен кезесу барысында келесі мәселелер қозғалды:

  • Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың  және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері;
  • Ойын мекемесіне барудан тартыну және  әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері; 
  • «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге мәселелері;
  • Мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмауға бағытталған ақпарат;
  • Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында тисіті түсіндірме;
  • Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауға жол бермеу және де басқа мәселелер қозғалды.

Кезедсу барысында Департамент қызметкерлері тарапынан туындаған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

Автор: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Нұржан Узбеханов.

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...

Условно-досрочное освобождение

Условно-досрочное освобождение – это прекращение отбывания наказания до истечения...