Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Сыбайлас жемқорлықты қоғамдағы көп құқық бұзушылықтың бірі десек қате болар еді. Себебі, бұл жекенің емес, жалпы халықтың мемлекеттің ертеңіне, елдің болашағына деген сеніміне көлеңке түсіреді. Азаматтардың мемлекеттегі адалдық пен теңдік принципіне деген теріс көзқарасын қалыптастырады. Ал бұл өз кезегінде елдегі ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа жіті назар аударып, кеселмен күреске көпшілікті біріктіре білген абзал. 

Осы мақсатта жүргізіліп жатқан іс-шаралар аз емес. Ең алдымен еліміздегі жемқорлыққа қарсы күреске қатысты заңнаманы жетілдіруге, әрбір салаға адал, білікті кадрларды топтастырып, азаматтар санасында жемқорлыққа нөлдік төзімділік түсінігін қалыптастыруға мән берілді. 1998 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң осы бағыттағы жұмыстарды заңдық тұрғыдан үйлестіруді мақсат еткен алғашқы пәрменді қадам болды. 

         Кейін қоғам қажеттілігі, заман талабы ескеріле отырып, сыбайластыққа қарсы заңнама жаңғыртылды. Осылайша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілді. Заңның атауы ғана өзгерген жоқ, жаңа құқықтық құжаттың қабылдануымен кеселге қарсы шаралардың әдісі, мәні, тәсілдері өзгерді. Мұнда сыбайластықтың салдарымен емес, себебімен күреске басымдық берілді. Себебі, тәжірибе көрсеткендей, кез келген кеселдің себебін анықтап, кемшілікке тосқауыл қойған, індеттің алдын алған әлдеқайда тиімді. 

         Отандық сот саласында да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін кешенді іс-шаралар бекітілген. Соттардағы ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі өз жұмысын заңдылық пен құпиялылық қағидаттарына сай жүзеге асырады. Ашықтық, айқындық, қолжетімділік – соттағы жең ұшынан жалғасу деректерінің орын алуына жол бермейді. Әсіресе, жаңа технология жетістіктерінің арқасында сот қызметі алақандағыдай айқын. Электронды қызмет арқылы талап арызын жолдап, сұраныстарын кезекке тұрмай-ақ оңай, оңтайлы шешіп отырған азаматтарға таныс іздеп, жең ұшынан жалғасудың керегі жоқ. Сот ғимараттарында жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштеріне арналған жәшіктер орнатылған. Осының бәрі сыбайластықтың жолын кеседі.

Г.Сатбаева,

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Археологиялық зерттеу – тарихи жаңғырудың негізі

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған баспасөз турында музей-қорықтың...

Культура чистоты

ЗА ВРЕМЯ С НАЧАЛА ВНЕДРЕНИЯ КОНЦЕПЦИИ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» МЫ...

Душа нации, звучащая в струнах

В ДУХОВНОЙ ЖИЗНИ КАЗАХСКОГО НАРОДА ДОМБРА ЗАНИМАЕТ ОСОБОЕ МЕСТО,...

Суицидальное поведение среди детей и подростков 

САМОУБИЙСТВО ДЕТЕЙ И ПОДРОСТКОВ ЯВЛЯЕТСЯ ОДНОЙ ИЗ НАИБОЛЕЕ ОСТРЫХ...

Исторический триумф Казахстана: пять золотых медалей на самой престижной олимпиаде по физике

Сборная Казахстана добилась исторического результата на 56-й Международной физической...