Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік цирк әртістері балалар колониясында өнер көрсетті

Алматы қаласы  ҚАЖ Департаменті №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдермен Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен, Қазақ мемлекеттік цирк әртістерінің қойлымы өтті. Іс шара ҚРІІМ ҚАЖК Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаметіне қарасты бас бостандығынан айыру орындарында 2025 жылға арналған сотталған азаматтар арасында мәдени-көпшілік шараларды өткізу бойынша бірлескен іс-шараны орындау жоспарына сәйкес және ҚР Премьер-Министрінің 13.09.2023ж. өкімімен бекітілген 2023-2025 жылдарға арналған қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудын жол картасын іске асыру аясында өтті. Іс шараның өтуіне №11 мекеменің қызметкерлері белсенді ат салысып, жазасын өтеуші сотталған жасөпірімдерді тәрбиелеу жолында мәдени-көпшілік шараларды жоғары дәрежеде өтуіне мекеме қызметкерлерінің еңбегі зор.

 Қазақ мемлекеттік цирк әртістерінің  дайындаған әртүрлі қызықты қойлымдары цирк әртісі А.Салаватовтың «Жонгляж» және С. Сенбектің «Дьяболо» қойлымы В.Степанюганың «Катушки» жұпен билеген Ф.Аширбакиева Т. Қуанышқалидің роликпен билеген биі балалардың көңілін көтеріп тастады. Сонымен қатар Т. Уналбаев И. Тутабекова «Эквилибр жігітері» А.Азизовтың «Орыс таяғы» ерекше қойлымдары көремендердің көңілінен шығып бір сәт болсада, балалық шаққа саяхат жасап, ғажайып әлемге барып қайтқандай боды. Жақсы көңіл күймен жалғасып, әртістердің қойлымы өте қызықты көңілді өтті. Бастысы балалардың көңілінен шықты.

Осы мерекеге ат салысып көмектескен қонақтарға, мекемедегі тәрбие жұмысы бөлімінің  бастығы әділет подполковнигі  Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна келген қонақтарға зор алғысын білдіріп, мекеме бастығының атынан алғыс хаттар ұсынды. Болашақта да осындай ауқымды мерекелер жалғасын табатынын айта кетті. 

                                                                №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...

Состоялся творческий конкурс «Лучшая стенгазета»

В женской колонии уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся...

Семей колониясында үздік психологиялық қабырға газеті байқауы өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №19 мекемесінде жазасын өтеп...