12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өркен Кенжебек: «Бизнес жанданып келеді»

Кешегі фотожұмбақтың жауабы — Ақтаудағы Caspi Bitum зауыты еді. Биыл модернизациядан өтіп, жылына 750 мың тонна битум өндіретіндей қауқарға ие. Осы жерде қанша күңкілдесек те, макроэкономикамызда елемей кетуге болмайтындай ақжолтай хабарлар боп жатыр. Соның бірі — жыл басынан бері ЖІӨ 6 пайызға көтерілген. Мұны жай бір сан һәм пайыз деп қарауға келмейді. Өйткені оның ар жағында қаладағы шынайы өзгеріс, жақсарған инфрақұрылым, салынған инвестиция жатыр.

Енді басты-басты көрсеткіштерге тоқталсақ:

Өнеркәсіп саласы 6,4 пайызға ұлғайған. Көш басында Жамбыл облысы (+22,9%) мен Шымкент (+18,9%) тұр. Зауыттардың жұмысы жүріп жатыр, өндіріс көлемі артқан, цемент, қант өндірісінің қарқыны тіпті мықты. Мұның бәрі дамып жатқанымыздың көрсеткіші емес пе?

Құрылыс саласындағы өсу көрсеткіші 15,4 пайыз болыпты. Бірден бірнеше аймақта қатарынан мектептер, ауруханалар, жолдар құрылысы жүріп жатыр. Салыстырып қарасақ, Қызылордада атқарылған жұмыс көлемі 65 пайызға өсіпті. Ал Астанада — 51,8 пайыз!

Тұрғын-үй құрылысы саласында да сүйіншілейтін көрсеткіштер бар. Жыл басталғалы 6 млн шаршы метрден астам үйде қоныстой тойланған һәм осынша тұрғын-үй пайдалануға берілген. Әсіресе, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент үй салуға белсене кірісіпті.

Көлік саласындағы даму тіпті керемет. Көрсеткіш — 23,1 пайыз! Бұл дегеніміз жүк тасымалы, логистика жақсарып келе жатқанын білдіреді. Соның ішінде Жетісу, Абай облыстарының қарқыны қатты екені байқалған.

Негізгі капиталға құйылған инвестиция 18,2 пайызға өскен. Қаражат түгелдей шынайы секторларға кетіп жатыр. Яғни теміржолдан бастап өнеркәсіп кешендеріне дейін осы капиталдың арқасында аяққа тұрып жатыр. Инвестиция салудан көш басында Жетісу облысы тұр — 62,7 пайыз!

Сауда саласындағы өсім — 7,8 пайыз. Байланыс пен интернет — +2,8%, ауыл шаруашылығы – +4%. Бұл саланың бәрі маңызды. Өйткені жұмыс орындарын ашу үшін де, тұрақтылық пен ертеңгі күнге нық сенімді болу үшін де осы секторлардың орны ерек.

Қорытындылай келе айтарымыз: бизнес жанданып келеді, мемлекеттік бағдарламалар жемісін беріп жатыр, аймақтарда жаңа тыныс пайда болып жатыр. Осылай жалғасса, өмір сүруге нағыз қолайлы орта қалыптасады. Бізге керегі де сол емес пе?! Сондықтан мұндай статистика көрсек, іш пыстыратын сан деп емес, өзгеріс деп қабылдаған жөн.

Перизат Қайраттың артында кім тұрған? ҚМА өкілі жауап берді

Қазақстандықтар арасында ең көп талқыланған сауалдың бірі - "Перизат Қайрат мұның бәрін жалғыз өзі істеді ме?" деген сұрақ. ҚМА өкілі осы сауалға жауап берді.

Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

Бүгін Сенат депутаттары Президенттің ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың судьясы Берік Нәжімиденовті қызметінен босатты.

Қайтарылған активтер: 5,5 млрд теңге қайда жұмсалады?

Қайтарылған активтердің 5,5 млрд теңгесі БҚО-дағы ауылдарды сумен жабдықтауға бағытталды.

Астанада 15 қыркүйектен бастап жұмыс кестесі өзгереді

Астанада бірнеше ұйым 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде әскери парадты тамашалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы күресте жеткен Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалау үшін Тяньаньмэнь алаңына барды,