Алматыдағы тәрбиеленушілер өрттен кейін санаторийге орналастырылды

Алматыдағы «Перзент» балалар үйінде шыққан өрт кезінде мекемеде болған 35 тәрбиеленуші мен қызметкерлер уақытша сауықтыру санаторийіне орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, бәріне қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр. Тәрбиеленушілерге тамақ беріліп, киім-кешек, азық-түлік және жеке гигиена құралдары жеткізілді. Сонымен қатар балаларға тәттілер таратылған.

Оқиға орнында Алматы қаласы әкімдігі мен Қоғамдық кеңес өкілдері, Наурызбай ауданының қорғаншылық және қамқоршылық қызметі, сондай-ақ Отбасыны қолдау орталығы мен Балаларды қолдау орталығының мамандары жұмыс істеп жатыр.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.