Жылжымалы медициналық кешен – ауыл тұрғындарына сапалы диагностика мен үміт сыйлайды

Алматы облысында ауылдық елді мекендердегі халыққа жоғары сапалы диагностикалық қызметтерді қолжетімді ету мақсатында «QH Денсаулық жолы» қайырымдылық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2025 жылдың төрт айында Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен жылжымалы медициналық кешеннің көмегімен 5 мыңнан астам шалғай елді мекен тұрғындарын тексеруден өткізді.

Жыл басынан жылжымалы медициналық кешен Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле аудандары мен Шелек ауылында көмек көрсетті.

«Жылжымалы кешеннің арқасында 4 айда 5 мыңнан астам ауыл
тұрғындарын тексеріп, оларға уақыт пен қаражат үнемдеуге мүмкіндік бердік. Бұл шалғайдағы халық үшін аса маңызды», – деді Алматы аймақтық көпсалалы клиника директоры Саяхат Олжаев.

2025 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейінгі аралықта 5 350 адам тексеруден өтті. Оның ішінде 1 648 әйелге маммография, 1 401 адам КТ текесеру жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде 8 адамнан қатерлі ісік анықталса, 123 адамнан қатерлі ісіктің белгілері анықталды. 156 пациенттен обыр алды жағдайлар анықталды.

«Ерте диагностика – сәтті емдеудің кілті. Жылжымалы кешендердің көмегімен біз қатерлі ісік ауруларын ерте сатысында анықтауға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл – адамдардың өмірін сақтап қалудың нақты жолы», – деп атап өтті Саяхат Олжаев.

Жылжымалы медициналық кешен маусым айында Қарасай және Ұйғыр аудандарының тұрғындарын тексеруден өткізеді.
Жылжымалы диагностикалық кешендерді пайдалану – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мен әрбір азаматқа медициналық көмекті жақындатудың тиімді құралына айналып отыр

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...