12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Семей қаласының №21 мекемесінде патриоттық жүгіру өтті

Семей қаласының N 21 мекемесінде патриоттық жүгіру өтті. Шара мекеме қызметкерлерін ұлттық бірлік пен Отанға деген мақтаныш рухында біріктірді.
Іс-шараның мақсаты – патриоттық тәрбие беру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Әнұранының мәнін терең түсінуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Жарысқа қатысушылар мемлекеттік рәміздермен және патриоттық ұрандармен безендірілген алдын ала дайындалған маршруттан өтті. Басталу алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды, содан кейін мекеме бастығы жиналғандарға бұл мерекенің мемлекеттік бірегейлікті нығайтудағы маңызы туралы сөзімен бастады.
Қазақстан халқының тарихы мен салт-дәстүрін құрметтеуге, салауатты өмір салтын насихаттауға баса назар аударылды. Жарыс жылы, достық атмосферада өтті. Әрбір қатысушыға символикалық жалау табыс етілді. Олар 5 және 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті. Атап өтер жайт, қоғамда азаматтардың патриоттық рухының жоғары болып, мемлекеттік рәміздерге құрметі биік болуының маңызы зор. Сондықтан осындай шараларды жиі өткізіп, патриоттық, бірлік, елді сүю, жерге құрмет, мемлекетті көркейту секілді сезімдердің кеңінен насихатталғаны дұрыс. Осыған дейін де аталмыш мекемеде бұл сипаттағы шаралар жиі ұйымдастырылып келген еді. Ал бұл жолғы патриоттық жүгірудің мекеме қызметкерлеріне де пайдасы зор. Мекеме қызметкерлері жүгіру арқылы қоғамға елді сүюді насихаттап қоймай денсаулықтарына да пайдасы тиіп, қоғамға салауатты өмір салтының насихаттын арттыра берері анық.
Іс-шара топтық фотосессия және белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табыстаумен аяқталды.

-Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің бұл форматы өскелең ұрпақтың өз елі үшін мақтаныш сезімін дамытуға ықпал етеді, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншілік рухын нығайтады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері әрқашан рухтың, күш-қуаттың және ел бірлігінің қайнар көзі болып қала берсін! -деп бөлісті мекеме бастығының орынбасары Рүстем Берлібеков.

Осы орайда атап өтер жайт, соңғы жылдары елімізде туды қолдануға рұқсат беру оң шешім болды. Көп жағдайларда халық өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін көрсете алмай жататын. Ал қазіргі таңда өз елінің патриоттары желбіреген көк байрағымызды, көк туымызды көзіне көрінетін жерге іліп, өз сезімдерін білдіріп жатады. Жастардың халықаралық спорттық сайыстарда туды ұстап жанкүйерлік етуі де көңілге қуаныш ұялатады. Сондықтан патриоттық жүгіру секілді шаралардың маңызы зор!

Флешмоб «Сердце колледжа»

2 октября в колледже при учреждении №79 в рамках...

«Колледж жүрегі» флешмобы өтті

2 қазан күні №79 мекеме жанындағы колледжде Қазакстан Республикасының...

В День учителя – встреча выпускника и наставника

В честь профессионального праздника – Дня учителя – старший...

Учитель и мать — гордость семьи и общества

В преддверии Дня учителя и Дня пожилых людей коллектив...

Ана мен бала сағынышы

№79 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталған азаматшаларға отбасы құндылықтарын дәріптеу...