Жүректен шыққан жылулық: Семей қаласындағы №21 мекемесінің сотталған әйелдері шала туған сәбилерге жылы киім тоқыды

1 Маусым — Балаларды қорғау күніне орай Абай облысында ерекше мағынаға ие, жүрекке жылы тиетін іс-шара өтті. Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты минималды қауіпсіздік деңгейіндегі №21 мекемеде жазасын өтеуші әйелдер Семей қаласындағы Абай перинаталдық орталығындағы шала туған сәбилер үшін жөргек, кішкентай көкірекше мен бас киімдер (шұлық, жилет, чепчик) тоқыды.

Бұл бастама — сотталған әйелдердің қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған бағдарламаның бір бөлігі. Әйелдер әрбір жіпке мейірім мен жан жылуын, кішкентай сәбилерге көмектесем деген шынайы ниетін салды.

Дайын бұйымдарды тапсыру сәті ерекше жылы атмосферада өтті. Перинаталдық орталық өкілдері сотталған әйелдерге және мекеме әкімшілігіне алғыстарын білдіріп, бұл бастаманың маңызды екенін атап өтті. Өз өмірінде қателікке ұрынса да, жүрегінде мейірімі мен жақсылық жасауға ұмтылысы бар жандардың еңбегі жоғары бағаланды.

«Шала туған сәбилерге тек медицина көмегі ғана емес, жылулық пен қамқорлық та қажет. Осындай сыйлықтар — бұл жай ғана киім емес, бұл — мейірім мен жанашырлықтың белгісі. Жасаған игі істеріңіз үшін алғысымыз шексіз», — деді Абай перинаталдық орталығының қызметкері.

Бұл шара жазасын өтеушілер де қоғамға пайдалы іс жасап, ішкі жан дүниесінде оң өзгерістерге бет бұра алатынын көрсетті. Балаларды қорғау күні — тек балаларды қорғау жайлы еске салып қана қоймай, жақсылық жасауға әр адамның үлес қоса алатынын да дәлелдейтін күн.

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...