КОЛОНИЯДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Алматы қаласындағы балалар колониясында «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. №11 мекемедегі №3 жалпы білім беретін орта мектепте 2024-2025 оқу жылын барлығы 66 оқушы аяқтады. Оның ішінде 41 бала қазақ бөлімінде, 25 бала орыс бөлімінде оқыды.
Ал орта мектепті биыл 17 жасөспірім бітіргелі отыр. Тағдырдың тар жолынан тайып кеткен балалар да қатарларынан қалмай білім алуда. Олар жазалы болып жүрсе де қолдарына орта мектепті бітіргені туралы аттестат алып, болашақта жоғарғы оқу орнына түсуді мақсат етеді.
Соңғы қоңырауда мекеме бастығы әділет полковнигі А. Сүлейменов мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтап, олардың білім алудағы жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ мекеме басшысы мен мектеп ұстаздары орта мектеп түлектеріне қоғамға білімді азамат болып оралуларына тілектестік білдірді.
Алдағы уақытта 8 және 10-сынып оқушылары сыныптан сыныпқа көшу емтихандарын, 9 және 11-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсырады.
Соңғы қоңырауда оқушылар да ұстаздарына арнаған өлеңдерін оқып, мерекелік іс-шараның сәнін келтірді.

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...