Диманың арманы — көк байрақты көкте желбірету

Дима — бір аяғынан айырылғанына қарамастан, өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған ерекше жан. Ол грек-рим күресімен айналысып, өзінің қайсар мінезі мен мықты рухының арқасында талай биікті бағындырып келеді. Оның басты арманы — 2027 жылы Паралимпиадада Қазақстанның көк туын көкте желбірету!

Оның табандылығы мен батылдығы — жастарға үлгі, нағыз мотивация көзі.

Халықаралық күрес күніне орай,Диманың осындай үлкен арманына сенім артқан Абай облысы бойынша ҚАЖД №21 қауіпсіздігі төмен мекеме қызметкерлері оған қолдау көрсетіп, арнайы сыйлық жасады. Бұл тек материалдық қолдау ғана емес, рухани демеу, алға жылжуға берілген сенім.

Дима – бір аяғымен емес, үлкен жүрегімен алға басып келеді. Жеңіске сенген жүрек ешқашан тоқтамайды!

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...