«Бақыт – жан тыныштығында, ал жан тыныштығы – бәрін қабылдай білуде» тақырыбында психологиялық тренинг

2025 жылдың мамыр айында #79 мекемесінде тәрбие бөлімі мен колледж психологтарының ұйымдастыруымен «Бақыт – жан тыныштығында, ал жан тыныштығы – бәрін қабылдай білуде» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Аталған іс-шараға мекемеде жазасын өтеуші азаматшалар, соның ішінде колледжде білім алып жатқан студенттер қатысты.

Тренингтің мақсаты – сотталған азаматшалардың психологиялық жағдайына оң әсер ету, ішкі жан дүниесін түсінуге көмектесу, күйзелісті жеңу, өзін-өзі қабылдау және жан тыныштығын табу жолдарын үйрету.

Іс-шара аясында психологтар түрлі жаттығулар мен медитациялық әдістер арқылы қатысушылардың эмоциялық жағдайын жеңілдетіп, өмірге деген оң көзқарасты қалыптастыруға ықпал етті. Қатысушылар ашық диалогқа қатысып, өз пікірлері мен сезімдерін білдіруге мүмкіндік алды.

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...