Атырау облысы бойынша қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің 79-әйелдер түзеу мекемесінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне аталып өтті.
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 79-әйелдер колониясында ерекше мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мекемедегі 5-жасақтың сотталған азаматшалары ұлттық киімдер көрсетілімі мен өнер байқауына белсене қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті.
Іс-шара барысында әрбір қатысушы өз ұлтының дәстүрлі киімдерін киіп, ұлттық әндер мен билерді орындады. Мерекелік концертте қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және басқа да этностардың мәдениеті мен өнері көрініс тапты. Сотталған әйелдер өз қолдарымен тіккен ұлттық киімдер мен қолдан жасалған бұйымдарын көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Мекеме әкімшілігі мен тәрбие бөлімі бұл шараның сотталғандардың рухани дамуына, ұлтаралық татулық пен мәдени әртүрлілікті құрметтеуге септігін тигізетінін атап өтті. Мұндай іс-шаралар сотталған азаматшалардың қоғамға қайта бейімделуіне, өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.