Мемлекеттік тілімен мақтанамын

Бәріне мәлім, Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілі – қазақ тілі.

Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, әдемі тілдердің бірі десек қателеспейміз. Тіпті қазақ есімдерінің барлығында өзіндік мағыналары бар.

Жалпы, мемлекеттік тіл — еліміздің халқын, бірнеше ұлттың басын қосатын, біріктіретін, ортақ істерге жұмылдыратын, патриоттық сезім ұялататын бірден-бір құрал.

Елімізде мемлекеттік тілдің тұғырын көтеру саясатын қолдау мақсатында, қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қатаң бақылауға алынып отыр. Яғни, сот саласында құжат айналымында қазақ тілін қолдану, істерді мүмкіндігінше қазақ тілінде қарау мәселесі әрдайым бақылануда.

Сот саласындағы құжат айналымы бойынша мемлекеттік тіліндегі үлесін анықтау мақсатында кіріс, шығыс, ішкі құжаттар бойынша соттармен мониторинг пен талдаулар ай сайын жасалынып, жоғарғы сатыдағы сотқа есеп беріледі. Мәселен, статистикаға сәйкес, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылдың 12 айында барлық кіріс құжатының (хат-хабарлар, азаматтық іс бойынша талап арыздар мен арыздар, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша материалдар) мемлекеттік тіліндегі үлесі бар болғаны 60%-ға жуығын ғана құраған, бұл көрсеткіш өте аз десе де болады.

Жалпы, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтін барлық қызметкерлер мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық.

Өз тарапынан, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру мақсатында сот қызметшілерінің және баспасөз қызметінің мемлекеттік тіл тақырыбында мақалалары БАҚ-нда тұрақты түрде жарияланып, сондай-ақ басқа да органдардың, мекемелердің қатысуымен іс-шаралар өткізіліп тұрады.

Айта келе, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру өз қолымызда екенін ұмытпайық.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Қаракөз Сәрсенбайқызы Тілемісова.

Встреча со студентами: о важности соблюдения закона и порядка

     В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошла встреча...

Сот ісін жүргізудегі жұмыс орнын цифрландыру

Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде мемлекеттік мекемелерде қызметтерді көрсетуді цифрландыру...

Студенттер құқықтық мәдениет мәселелерін талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты...

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

📌Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді...

Сот қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының...