Жеңіс күніне орай сотталғандар үшін іс-шара ұйымдастырылды

9 Мамыр — Жеңіс күніне орай Аягөз аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар үшін іс-шара ұйымдастырылды.
Қаламыздағы тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасап, Ұлы Отан соғысына арналған экспозициялармен танысты.

Саяхат барысында есептегі тұлғалар соғыс жылдарындағы батырларымыздың ерлігімен, майданда қолданылған қару-жарақтар мен жауынгерлердің күнделікті тұрмысы жайлы құнды мәліметтер алды.
Экскурсия жетекшісі музей жәдігерлері жайлы қызықты әрі танымдық мағлұматтар берді.

Бұл саяхат есептегі тұлғалардың бойында отансүйгіштік, тарихқа деген құрмет пен мақтаныш сезімін оятты және ата-бабаларымыздың жанқиярлық ерлігін терең түсініп, Жеңіс күнінің маңызын шынайы сезіне білді.
Осындай тағылымды іс-шаралар — пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызды бөлігі.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...