12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

“Қара сөз – дана сөз” сұхбат сағаты

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерей тойы қарсаңында “Қара сөз – дана сөз” сұхбат сағаты өтті. Абай атамыз 1- ші қара сөзінде
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын — деген. Осы сөздердің тереңдігін жас ұрпаққа жеткізу мақсатында Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаменті және оған қарасты мекемелердің жеке құрамының қатысуымен “Қара сөз – дана сөз” атты сұхбат сағаты ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – Абайдың қара сөздеріндегі тәлім-тәрбиелік ойларды кеңінен насихаттау. Сұхбат сағатқа қатысушы қызметкерлер ұлы ойшылдың адам болмысы, мінез-құлық пен рухани тазалық туралы жазған ойларын талдап, қазіргі қоғам өмірімен байланыстырды.
Сұхбат барысында Абай қара сөздерінің терең философиялық мәні мен тәрбиелік құндылығы ерекше атап өтілді. Абай орталығының тіл маманы сұқбат соңында атамыздың қара сөздерін оқып берді. Терең тәрбиелі сағат әр қызметкердің ойында ұзақ уақыт паналайтынына сенімдіміз.

Үстел теннисінен арнайы контингент арасында турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД #20 мекемесінде жазасын өтеп жатқан...

Проведен турнир по настольному теннису среди специального контингента

Совместно с осужденнымми отбывавающими наказания в учреждении #20 ДУИС...

Для осужденных женщин проводились курсы профессиональной подготовки

В целях исполнения пункта 3.7 протокола, проведённого Руководителем Администрации...

Сотталған азаматшаларға кәсіби курстар өткізілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының А.А. Дадебай төрағалығымен өткен...