12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Жеке  тұлғалардың банкроттығы

Жеке  тұлғалардың банкроттығы бұл кредиторлар алдындағы банк заем шарттары немесе микрокредит шарттары бойынша қарыз міндеттемелерін орындау қиындық тудырған жеке тұлғалар мәселесін реттеудің заңда көзделген тәсілі. 

2022 жылы 30 желтоқсанда елімізде тұңғыш рет «Қазақстан Республикасы азаматтарының  төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Аталған заң дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады. Ал кредиторлар талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасымен  реттеледі.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының  төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заңға сәйкес үш рәсім қамтылған: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Осы үш рәсімнің әрқайсысының өз талаптары бар.

Соттан тыс банкроттық рәсімі – екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операциясының жекелеген түрін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім.

Сот арқылы банкроттық рәсім – кредиторлар талаптарын борышкердің мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында борышкерге қатысты сот тәртібімен жүзеге асырылатын рәсім.

Төлемге қабілетсіздік дегеніміз – бұл борышкердің ақшалай міндеттемелерді және ақшалай сипаттағы өзге де талаптарды толық көлемде орындауға қабілетсіз болуы. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі – сот тәртібімен қолданылады, оның шеңберінде борышкерге борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған қаржылық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шаралар қолданылады.

Соттан тыс банкроттық рәсімі егер қарыз алушының кредиторлар алдындағы қарызы 1600 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын  болса қолданылады. Сонымен қатар келесі талаптарды қамтиды: 12 ай мерзім ішінде қарыз шарты бойынша төлем болмауы тиіс, ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы шарт. Сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептелетінін ескеруіміз қажет. Өтеудің болмау мерзімі әрбір банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша соңғы төлем күнінен бастап есептеледі.

Кредитор мен борышкердің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» заңына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдерді жүргізу шарттарына сәйкес келуі уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің қолданылмауы шарттарына да сәйкес келуі тиіс. Егер борышкер арыз берілген күннің алдындағы алты ай ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болса, осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасының ережесіне қарамастан, ол арыз беруге құқылы болады. Егер міндеттемелерді орындамау мерзімі арыз берілген күнге бес жылдан асса,жоғарыда аталған талаптарға  қарамастан, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге құқылы болады.

Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкiмет» веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы белгіленген нысан бойынша береді. Уәкілетті органның соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу мерзімі борышкер туралы мәліметтер «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған күннен бастап алты айды құрайды.

Борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінеді. Төлем қабілеттігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен жүгіну үшін негіздер заңның 6-бабында көзделген. Оған сәйкес сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін борышкерге тиесілі мүлік құнының оның барлық міндеттемелерінің (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) мөлшерінен асып кету фактісі және (немесе) тұрақты кірісінің болуы  тиіс.

Ал  сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен төмендегі жағдайларда:  борышкер  республикалық Бюджет туралы заңда белгіленген және осы заңның 1-бабының 11) тармақшасында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша арыз берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен асатын міндеттемелер болған; өзге кредиторлар алдында міндеттемелер болған;  сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берілген күні қатарынан он екі ай ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерді өтемеген болы тиіс. Сондай-ақ арыз берілген күні жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану фактісі болмаған; борышкерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімнің жүргізілуі жайлы талаптар сақталуы тиіс.

Борышкердің сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жайлы арызын сот ол сотқа келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде іс жүргізуге қабылдап, азаматтық іс қозғайды. Соттың осы ұйғарымымен уәкілетті органға ұйғарым шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қаржы басқарушысын тағайындау міндеті жүктеледі.

Соттың осы санаттағы істер бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарымы шығарылған күннен бастап мынадай салдар басталады: борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызда көрсетілген борыштық міндеттемелерінің мерзімі өткен болып есептеледі; арызда көрсетілген кредиторлардың борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуіне тыйым салынады; арызда көрсетілген кредиторлар алдындағы берешегінің барлық түрі бойынша тұрақсыздық айыбын (өсімпұлды, айыппұлдарды) және сыйақыны есепке жазу тоқтатылады; борышкердің өзіне жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдауына (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) тыйым салынады;  кредиторлардың мемлекеттік органдардан және өзге де органдар мен ұйымдардан борышкердің мүлкі туралы ақпарат алуына борышкердің келісімі берілген деп есептеледі; Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде емделу, жақын туысын емдеуге алып жүру, жақын туысын жерлеу қажет болған жағдайларды қоспағанда, борышкердің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге шығуына тыйым салынады; борышкердің банктік шотынан кредиторлардың талабын қанағаттандыру есебіне ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

 Заңның 22-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, борышкерге талаптар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің шеңберінде ғана қойылуы мүмкін; борышкердің мүлкіне қатысты атқарушылық құжаттардың орындалуы тоқтатыла тұрады;  мемлекеттік органдардың, өзге де органдар мен ұйымдардың борышкер мүлікті беруге, мүліктік міндеттемелерді төлеуге немесе өзге де тәсілмен орындауға міндетті болатын шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады.  Кредитордың «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Микроқаржылық қызмет туралы» және «Коллекторлық қызмет туралы» заңдарында көзделген реттеу және (немесе) өндіріп алу шараларын қолдануына тыйым салынады.

 Сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешімді қаржы басқарушысының қорытындысын ескере отырып қабылдайды. Мұндай шешімде  төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын ұсынатыны; жоғарыда аталған осы санаттағы арыз бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарымда көрсетілген салдардың сақталатыны туралы нұсқаулар қамтылуы тиіс. Сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімді де сот қаржы басқарушысының қорытындысын ескере отырып қабылдайды. 

Төлем қабілеттілігін  қалпына келтіру рәсімін қолданудың ерекшелігі борышкерге «банкрот» мәртебесі берілмейді және оған банкрот деп танылғандарға қолданылатын шетелге шығуына тыйым салу тетігі қолданылмайды. Ал банкрот мәртебесі берілген тұлғаға заемдар мен несие алуға 5 жылға тыйым салынады, 7 жылға дейін банкроттықты  қайта қолдануға жол берілмейді, банкроттың 3 жыл ішіндегі қаржылық жағдайы тексеріліп отырады.  

              А.Тубекбаева,

 Қызылорда қалалық сотының судьясы 

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...

ЭТИКА В МАНТИИ: КАК СУДЬИ КАЗАХСТАНА ХРАНЯТ ДОВЕРИЕ ОБЩЕСТВА

Судебная система — это не только законы и процедуры,...