ҚАЖ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдады

Абай облысында қауіпсіздігі аралас колонияның жеке құрам және ерікті жалдамалы құрам қызметкерлері мен мекеме жанындағы техникалық колледж қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдап, апта сайын сенбіліктер ұйымдастырып отыр. Әр сенбілік қызметкерлердің сап түзеуімен басталып, әсем әуенмен сүйемелденген қызу жұмыспен жалғасты. Олар мекеме аумағын, және мекеменің тыйым салынған іргелес аймақтарын, қыс уақытда жиналған қоқыстар, ағаш пен жапырақ қалдықтарынан толықтай тазалап шықты. Мекеме аумағының сәнін келтіретін болашақ ағаштарға арналып: көшеттер егілетін орындар дайындалды.Сенбілікке мекеменің 2 автокөлігі жұмысқа тартылды.
Еңбек адамды көркейтеді дегендей мекеме қызметкерлері сенбілікке белсене қатысты. Тазалық адамның жанына рахат сыйлайды деп ойлаймын-дейді мекеменің тәрбие және кадр жұмысы бөлім бастығы Дидар Жумаханова.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...