Ақтаудағы Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы алынды

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Ақтаудағы битум зауытында «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) іске асырылып жатқан жаңғырту жобасы аясында маңызды нәтижеге қол жеткізілді. Жаңартылған қуаттардың жұмысқа дайындығын растайтын 740 тонна жол битумының бірінші партиясына сапа паспорты алынды.

📌

Жаңғырту жобасы мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін арттыру мақсатында жаңа негізгі технологиялық жабдықты ауыстыру мен орнатуды қамтитын — ЭЛОУ-АВТ мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын жаңартуға бағытталған.

⚙️

Маңызды кезеңдердің бірі — наурыз айында биіктігі 40 метр және салмағы 140 тонна болатын жаңа Т-1102 вакуумды бағананы күрделі монтаждау жұмыстары болды. Бұл жабдық мазут өңдеуді ұлғайтуға және жаңа су сақиналы вакуум жасау жүйесін қоса алғанда озық технологияларды пайдалана отырып, жол битумын өндіру үшін негізгі шикізат болып табылатын жоғары сапалы гудрон алуға мүмкіндік береді. Вакуумды бағанамен қатар қондырғының атмосфералық бөлігі, технологиялық пештер, жылу алмасу және сорғы жабдықтары модернизациядан өтті, сонымен бірге автоматтандыру және бақылау жүйелері де жаңартылды.

2024 жылдың қараша айында басталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын бас мердігер CITIC Construction жүргізді. Жұмысты тиімді ұйымдастыру нәтижесінде, соның ішінде 220-дан астам адамды тарта отырып, тәулік бойы жұмыс істеу режимінде жоба кестеден бір ай бұрын аяқталды. Күрделі инвестициялар көлемі $76 миллион құрады.

Caspi Bitum зауытының ресми іске қосылуы және жобалық қуатқа шығуы 2025 жылғы мамыр айының басына жоспарланған.

✔️

Бұл жобаның Қазақстан үшін стратегиялық маңызы зор. Битум өндірісін жылына 500-ден 750 мың тоннаға дейін ұлғайту бүкіл ел бойынша белсенді жол құрылысының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Встреча со студентами: о важности соблюдения закона и порядка

     В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошла встреча...

Сот ісін жүргізудегі жұмыс орнын цифрландыру

Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде мемлекеттік мекемелерде қызметтерді көрсетуді цифрландыру...

Студенттер құқықтық мәдениет мәселелерін талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты...

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

📌Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді...

Сот қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының...