№11 мекемедегі балалар колониясында сенбілік өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11  мекемесінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бастауымен  27 сәуір – «Жасыл аймақ» күніне орай жеке құрам қызметкерлері  арасында мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі М.Б. Махамбетовтың ұйымдастырумен сенбілік өтті. Ғимараттардың іші және сыртына тазалық жұмыстары жүріп, ағаштардың түбін әктеу, ішкі сыртқы аймаққа, гүлдер отырғызу жұмыстары жүргізілді.

«Асем қаламыз Алматының тазалығын сақтау баршамызға ортақ іс. Әр тұрғын сенбілікке шығып, игі іске үлесін қосып жатса қаламыз таза болады.  Барлығымызға белгілі бұл акция мемлекет басшысының тапсырмасымен  сәуір айында басталды. Қалалар мен ауылдық елдімекендерді жинау, абаттандыру және көгалдандыру жұмысы әр қазақстандықтың абыройлы міндеті. Сенбілікке қатысқан қызметкерлерге:

«Бір айдан астам уақытқа созылатын акцияға белсенді қатысуға шақырамын», – деді №11 мекеме бастығы әділет полковнигі Алмат Битимбекович Сулейменов.

                                                      №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...