12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қонаев қаласында «Руханияттың жанашыры – кітап» шарасы өтті

Қонаев қаласындағы Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «РУХАНИЯТТЫҢ ЖАНАШЫРЫ – КІТАП» атты рухани-танымдық іс-шара өтті. Мәдениет пен әдебиет саласының өкілдері, Алматы облысының ақын-жазушылары мен зиялы қауым өкілдері қатысқан шара кітаптың қоғамдағы рөлі мен рухани құндылығын насихаттауға, жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған. 

Кітап – адамзат ақыл-ойының қазынасы, өркениеттің алтын діңгегі. Ол – ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған рухани байлық, өнегенің, тәрбиенің, білімнің бастауы. Кітапты қадірлеу – тарихты құрметтеу, өткенге тағзым жасау, болашаққа жол сілтеу. Ұлттық кітап күні мерекесіне орай «Руханияттың жанашыры – кітап»  рухани-танымдық іс-шара Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасының бастамасымен жоғары деңгейде аталып өтілуде.

Мерекелік жиынға 200-ге жуық қонақ, 11 аудан кітапханалары, оқырмандары оның ішінде қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Алматы облысының ақын-жазушылары қатысты. Кештің басты мақсаты – Ұлттық кітап күні – рухани байлықтың бастауы, мәңгілік мұраның мәйегі саналатын кітапқа тағзым етілетін ерекше мереке. Осы орайда ұйымдастырылып отырған мерекелік шараның басты мақсаты – кітаптың қоғамдағы маңызын ұлықтап, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық сана мен зердені жаңғырту. 

Әке үмітін ақтаған ұл

   Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық полиция бөлімі бастығының...

Білікті маман Мамытов

Мақаламыздың кейіпкері – Бөкей ордасы аудандық полиция бөлімі бастығының ...

Рақымшылық Заңының маңызы зор!

Қазақстанда кезекті рақымшылық заңы қабылданды. Бұл ел тәуелсіздігін алғаннан...

Кәсіподақтар Президент реформаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Жұма күні, 11 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының...