Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Н. Узбехановпен мемлекеттік қызметке алғаш кірген Алматы қаласының мемлекеттік қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Түсіндіру Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалында «Адал азамат» мемлекетік қызметшілердің кәсіби тұлғалық болмысы дәрісінің аясында өткізілді.
Кездесу барысында, мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет саласыңдағы заңнама талаптарын, әдеп кодексін қатаң сақтау, оның ішінде лудомания мәселелері, жұмыс режимін сақтау және тағы да басқа мәселелер бойынша түсіндірме берілді.
Түсіндіру жұмысы барысында мемлекеттік қызметішлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды.
Мемлекеттік қызмет заңнамаларының бұзылуының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.
Автор: Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басқарма басшысы Н. Узбеханов