«Ақ сұңқар» психодиагностикалық тесті — сотталғандарды оңалтуға бағытталған маңызды қадам

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №37 мекемесінде сотталған азаматтар үшін «Ақ сұңқар» психодиагностикалық кешенді тестілеу өткізілді. Тестілеуді “Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды бейімдеу мен оңалту орталығы” КММ-нің психолог маманы Бисекова Зарина жүргізді.

Тест үш түрлі психологиялық әдістемеге негізделіп ұйымдастырылды. Сотталған азаматтар арнайы дайындалған ноутбуктар арқылы түрлі-түсті түстерді таңдау, бейнеленген суреттерге қатысты сұрақтарға жауап беру секілді тапсырмалар орындап, жеке психологиялық ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік алды.

Аталған тестілеудің негізгі мақсаты — сотталған азаматтардың қазіргі көңіл-күйін, болашаққа деген көзқарасын, өмірге деген ынтасы мен талпынысын анықтау. Бұл әдіс олардың ішкі жан-дүниесін тереңірек түсініп, алдағы уақытта дұрыс бағыт-бағдар беруге ықпал етеді.
Сонымен қатар, психолог мамандар мекемеге жаңадан келген әрбір сотталған азаматпен жеке жұмыс жүргізеді. Себебі, сотталғандардың арасында үмітсіздікке бой алдырған, өмірден түңілгендер де кездеседі. Мұндай жағдайда кәсіби психологтың қолдауы сотталған азаматтың ой-санасын оң бағытқа бұрып, заңға қайшы әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Мекемеде тұрақты түрде психологиялық тренингтер, тесттер, семинарлар мен түрлі ойындар ұйымдастырылып тұрады. Бұл шаралар жазасын өтеушілердің моральдық-психологиялық жағдайын жақсартуға, әлеуметтік ортаға қайта бейімделуіне ықпал етуді көздейді.

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...