Блогерлер мен журналистер жауапкершілікті сезінуі қажет – сарапшы

Қырғыз Республикасы Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тагаев ІІ Орталық Азия медиа форумында ақпаратты таратушылар жауапкершілікті сезінуі маңызды екенін айтты.

Медиа – ол тек коммуникация тәсілі ғана емес, сонымен қатар стратегиялық өсімнің тәсілі. Бұл біздің цифрлық медиа сауатымызды арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтарымызды сыни-ойлау және саралау тәсілдерін үйренуге шақыруымыз керек. Сонда ғана біз жалған ақпараттардың таралуына, деструктивті контенттердің толық алдын ала аламыз, — деді Тагаев елордада өтіп жатқан форумда.

Ол бірлескен бірізді ақпараттық кеңістікті дамыту бірлескен тетістерді дамытпасақ, мүмкін болмайтынын атап өтті.

Цифрлық қауіп-қатерлерді анықтау және ағарту саласындағы жұмысымызды технологиялық прогресс арқылы ғана емес, сонымен қатар ақпараттық сауатты арттыру арқылы іске асырамыз. Ақпаратты тұтынушылар ғана емес, сонымен қатар блогерлер, журналистер, медиа платформалардың иелері, қоғамдық коммуникаторлар ақпаратты таратуда жауапкершілікті сезінуі қажет. Тарататын ақпараттардың нақты әрі жалған емес екеніне көз жеткізуі тиіс. Бірізді ақпараттық кеңістікті дамыту аясында ақпараттық іс-қимыл саласында жұмыс істеуіміз қажет. Контент жасаушылар мен тұтынушылар арасында этикалық, адами жауапкершілікті арттыруымыз керек, — деп айтты қырғыз сарапшысы.

Ол Орталық Азияның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар туралы қазақ, қырғыз, өзбек бірлесіп деректі фильмдер түсіруі қажет екенін жеткізді.

Встреча со студентами: о важности соблюдения закона и порядка

     В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошла встреча...

Сот ісін жүргізудегі жұмыс орнын цифрландыру

Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде мемлекеттік мекемелерде қызметтерді көрсетуді цифрландыру...

Студенттер құқықтық мәдениет мәселелерін талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты...

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

📌Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді...

Сот қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының...