ҚАЖ департаментінде облыс бойынша бірінші тоқсанның қорытындысы өткізілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Департамент бастығы Ғалымжан Балтабаевтың төрағалығымен ағымдағы жылдың үш айының қорытындысы бойынша кеңейтілген жедел кеңес өтті.
Жедел кеңеске Департамент бастығының орынбасарлары, Абай облысы бойынша ҚАЖД бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары, мекемелердің басшылары және облыс мекемелерінің бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары қатысты.
Кеңес барысында Департамент бастығының орынбасарлары Арслан Мұхаметжанов пен Роллан Жұмажанов 2025 жылдың үш айындағы жедел-қызметтік қызметінің қорытындылары, сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы, кадрлық жұмыстың жай-күйі, тәртіп, жеке құрам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңдылығы, Абай облысы бойынша ҚАЖД бос лауазымдарын іріктеу және жасақтау, облыс мекемелерінде сотталғандардың еңбекпен қамтылу жағдайы туралы баяндамалар жасады.
Қорытындылай келе, Департамент бастығы ҚР ІІМ алқасының жедел қызметтік қызметті жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру жөніндегі талаптарын жеке құрамға жеткізді, сондай-ақ жетілдіруді талап ететін бағыттар атап өтілді және алдағы кезеңге қызмет басшыларының алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...