12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мекеме психологтары сотталғандарға тренинг ұйымдастырды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің психологтары сотталғандарға » Мен өзімді не үшін жақсы көремін», «Күйзеліс», «Деміңді ұста», «Маған не ұнайды «, деген ойындар мен жаттығулардан тұратын психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Басты мақсаты — мазасыздықтан, қорқыныш пен қобалжудан арылу, өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділікті арттыру, жақсы көңіл-күйді қалыптастыру.
Тренингтің әр кезеңінде қатысушылар белгілі бір тапсырмаларды орындады, сол арқылы мамандар әрқайсысының психологиялық портретін жасай алды. Тапсырманы орындау кезінде әркімнің әр түрлі эмоциялары болды. Кей кезде бірінің көңіл-күйі түссе, бірі қуанышын жасырмады. Сотталғандар өздері туралы, өздеріне ұнайтын қасиеттері туралы айтты. Тілектер картасын толтырып, бостандыққа шыққаннан кейінгі жоспарларымен, армандарымен бөлісті. Қатысушылар өз пікірлері мен ойларын еркін білдіре отырып, өздерін көрсетті, түпте жатқан қабілеттерін аша алды. Позитивті атмосфера орнады. Осындай мүмкіндік берген қызметкерлерге өз алғыстарын айтып, эмоцияларын жасырмады.

№60 түзеу мекемесі баспасөз қызметі

Семей қаласының №21 мекемесінде патриоттық жүгіру өтті

Семей қаласының N 21 мекемесінде патриоттық жүгіру өтті. Шара...

Проведена религиозная лекция для осуждённых

В мае текущего года в учреждении №3, подведомственном Департаменту...

Қоныс колонясындағы сотталғандармен діни дәріс өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне...