800 табысты оқиға: жалдамалы тұрғын үй бағдарламасының қатысушылары қалайша жеке баспана иесі атанды

2019 жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында қатысушылар пәтерлерді сатып алу құқығынсыз, бірақ бастапқы жарна жинауға мүмкіндік беретін жеңілдетілген шарттармен жалға алды.

Бағдарлама уақытша қолдау шарасы ретінде қарастырылды. Бес жыл ішінде жастар өз қаржылық мүмкіндіктерін жақсартып, келесі қадамға – жеке баспана сатып алуға дайындалуы тиіс еді. 2025 жылы 2 мыңнан астам қатысушының жалдау мерзімі аяқталып, тұрғын үй мәселесін шешу – олардың жеке таңдауы мен әрекетіне байланысты болмақ.

Бүгінде 853 қатысушы өз шешімін тауып, нақты қадамға көшті:

— 275 адам – өз қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алды;

— 262 адам – өңірлік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы қоныс тойын тойлады;

— 316 адам – баспана іздеу кезеңінде.

Қалған қатысушылар құжат жинау және өтінім беру үдерісінде. Өтінімдер «Отбасы банкі» филиалдары арқылы күнделікті қабылдануда.

Жастар үшін ипотекалық несие ресімдеуге барынша қолайлы жағдайлар ұсынылған:

— бастапқы жарна – 10%;

— жылдық мөлшерлеме – 5%;

— ең жоғары қарыз сомасы – 20 млн теңгеге дейін;

— несие мерзімі – 19 жылға дейін.

Бүгінде бағдарлама қатысушыларының алдында маңызды таңдау тұр: жалға алушы ретінде қалу немесе ұсынылған мүмкіндіктерді пайдаланып, жеңілдетілген шарттармен жеке баспанаға қол жеткізу. 800-ден астам сәтті оқиға – бұл жастардың нақты әрі нәтижелі жолмен мақсатқа жете алатынын дәлелдейді.

Встреча со студентами: о важности соблюдения закона и порядка

     В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошла встреча...

Сот ісін жүргізудегі жұмыс орнын цифрландыру

Қазіргі уақытта жаһандық деңгейде мемлекеттік мекемелерде қызметтерді көрсетуді цифрландыру...

Студенттер құқықтық мәдениет мәселелерін талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты...

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды

📌Қазақстанда «2026–2029 жылдарға арналған халық табысын арттыру жөніндегі кешенді...

Сот қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекет саясатының басым бағыттарының...