Қабырға газетінен сайыс өткізілді

№79 мекемеде сотталғандар арасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай қабырға газетінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық мерекені тойлау және қоғаммен байланысын нығайту болды. Қабырға газетінің әртүрлі тақырыпта жасалған шығармалары қатысушылардың өнері мен көзқарасын көрсетуге мүмкіндік берді. Жарыс барысында сотталғандар өздерінің шығармашылық жұмыстарымен қоса, мерекелік көңіл-күйді де көрсетті. Мұндай іс-шаралар сотталғандар арасында достықты арттыруға, ұлтымыздың бай мәдениетін насихаттауға зор үлес қосады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...