Сотталған азаматтарды құжаттандыру: ҚАЖ мекемелеріндегі маңызды жұмыс

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарды құжаттандыру – олардың құқықтарын қамтамасыз етудегі маңызды бағыттардың бірі. Бұл жұмыспен түзеу мекемелерінің арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады. Құжатсыз қалған сотталғандар үшін жеке куәлік алу – бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға қайта бейімделу жолындағы негізгі қадам.

Қызылорда қаласындағы түзеу мекемелерінің арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері сотталған азаматтарды құжаттандыру бойынша тығыз жұмыс істеуде. Осы жылдың алғашқы үш айында ҚАЖ департаментінің 37 мекемесінде 4 сотталған азаматтың жеке куәлігінің мерзімі аяқталғандықтан, қайта жасалды.

Арнайы есепке алу бөлімінің қызметкері Әйгерім Ахметованың айтуынша, құжаттарды зерделеу барысында олардың жарамдылық мерзімі міндетті түрде тексеріледі. «Мекемеге жеке куәлігінің мерзімі өтіп келген сотталғандар да кездеседі. Жеке куәліктің болмауы олардың бірқатар құқықтарын шектейді, әсіресе, босатылғаннан кейін тұрғылықты мекенжайына тіркелу, жұмысқа орналасу немесе медициналық көмек алу мәселелерін қиындатады. Сондықтан біз сотталғандарды құжаттандыру мәселесін бірінші кезекте шешуге тырысамыз», – дейді ол.

Бүгінде тағы 6 сотталған азаматтың жеке куәліктерін рәсімдеу процесі жүріп жатыр. Құжаттандыру жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, олар бостандыққа шыққан соң тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, еңбек нарығына қосыла алады немесе денсаулық жағдайына байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынуға мүмкіндік алады.

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...

Жазбаша іс жүргізу

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 12-тарауында әкімшілік істерді оңайлатылған...

Еріктілер кеңесі мүшелері ардагерді құттықтауға қатысты

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері Анатолий Назарович...

Құқық пен әділет жолына ғұмырын арнаған судья – Абжанов Ербол Тюлюгазинұлы 60 жаста

Құқық қорғау және сот жүйесінде абыройлы қызмет атқарып, кәсіби...