12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда облысында 17 сотталған қоғамдық жұмыстар атқаруда

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметі есебіндегі 17 сотталған азамат сот үкімімен қоғамдық жұмыстарын орындауда. Олар жергілікті орган белгілеген орындарда қоғамдық жұмыстар атқарып, күн сайын 4 сағаттан тазалық жұмыстарын жасайды.
Сот шешіміне сәйкес, кейбір азаматтар 40 сағат қоғамдық жұмыс атқаруы тиіс болса, енді біріне 200 сағат міндеттелген. 2025 жылдың алғашқы үш айында аталған 17 сотталған өздеріне жүктелген міндеттерді орындап, қоғамдық орындарды тазарту және абаттандыру жұмыстарын орындауда.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша, қоғамдық жұмыстар – сотталған азаматтарды еңбекке баулудың, оларды қоғамға бейімдеудің бір жолы. Сонымен қатар, бұл олардың түзелуіне және қайта қылмыс жасамауына оң ықпал етеді.

«Қоғамдық жұмыстар – қылмыстық жазаның бір түрі. Оның басты мақсаты – сотталған азаматтардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу. Олар өз еңбегімен қоғамға пайдасын тигізе отырып, жауапкершілікті сезінеді», – дейді әділет майоры Фариза Сембаева.

Айта кету керек, қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар белгіленген сағаттарын толық өтегеннен кейін пробация бақылауынан босатылады. Ал сот үкімін орындаудан жалтарған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

Қармақшыда пробация есебіндегі тұлғалар «Кездесу мен қоштасу» қойылымын тамашалады

Бүгін Қармақшы аудандық мәдениет үйінде көрермен назарына «Кездесу мен...

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-кемеңгер!» атты музей балалар колониясында көрме өткізді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесіне  ҚР Премьер-Министрінің...

Дактилоскопиялық деректерді дұрыс енгізу жауапкершілікті талап ететін міндет

Қазіргі уакытта құқық қорғау органдарының, жұмысы жоғары кәсібилікті ғана...

Темір тордың ар жағындағы заң тірегі

Жалғас Есмаханов – сотталғандардың құқықтық сауатын арттырып жүрген заңгер Қызылорда...