Қызылордада жаза өтеу тәртібін бұзған сотталған түзеу мекемесіне жіберілді

Қызылорда облысында пробация қызметінің есебіндегі сотталғандармен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізілгеніне қарамастан, кейбір азаматтар сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзып, түзеу мекемесіне қайта жіберіліп жатыр.
Солардың бірі Қармақшы аудандық пробация есебіндегі А. есімді азамат бұған дейін сот үкімімен ұрлық бабы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Оған пробациялық бақылау белгіленіп, тұрғылықты мекенжайында болуын қадағалау мақсатында электронды бақылау құрылғысы тағылған.

Алайда, пробация инспекторлары тарапынан бірнеше рет ескерту жасалып, жаза өтеу тәртібі мен міндеттері түсіндірілгеніне қарамастан, ол кешкі 22:00-ден кейін тұрғылықты мекенжайында болмаған. Электронды құрылғы арқылы оның 3 рет жаза өтеу тәртібін бұзғаны және 2 рет әкімшілік құқықбұзушылық жасағандығы анықталып, осыған байланысты пробация қызметі оны бас бостандығынан айыру туралы сотқа ұсыныс жолдады.

Нәтижесінде, сот оның жазасының өтелмеген бөлігін – 3 жыл 7 ай 16 күн мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, түзеу мекемесіне жіберу туралы шешім қабылдады. Қазіргі таңда ол қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр.
2025 жылдың алғашқы үш айында Қызылорда қалалық және аудандық пробация қызметінің есебіндегі 19 сотталған жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін сот шешімімен бас бостандығынан айырылып, жазасын түзеу мекемесінде одан әрі өтеуге жіберілді.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...