ҒЫЛЫМДЫ ИГЕРУ – САПАЛЫ ӨМІР КЕПІЛІ!

ХХІ ғасыр ғылым мен технология ғасыры болады деп ХХ ғасырдың екінші жартысында ғалымдар жаза бастады. Ол уақытта көпшілік мұны түсінбек түгілі, мән берген де жоқ. Алайда, айналасы 50 жылға жуық уақытта бір кездері фантастикалық шығармаларға арқау болған дүниелер өмірімізге еніп жатыр. Тіпті ертегілердегі жалмауыз кемпір мен жезтырнақтың айнасы шындыққа айналды. Иә, иә ол – бүгінгі қалтамызда жүрген смартфондар. Ол – ұшатын көліктер. Ол – сенімен сырласатын роботтар. Міне мұның барлығының артында ғылым тұр. 

Ал, шапшаң дамып жатқан бұл ғылыми прогресте қазақтың ғылымы, мен тілі қай деңгейде, қаншалықты қолданыста?! «Түпкі мақсатымыз – көшке ілесетін емес, сол көшті бастайтын елдердің қатарында болу. Бұл мақсат, әрине, өте күрделі, оны жақсы түсінуіміз керек. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Яғни, ғылыми дамудың соңында қалмай, осы прогресті анықтайтын мемлекеттердің қатарында болу – негізгі міндет. Бәлкім, бұл міндет тым күрделі көрінер. Бірақ біз алдымызға осындай мақсат қоюымыз керек. Оған еліміздің ғылыми әлеуеті жетеді. Бұл міндеттің оңай емес екенін түсінемін. Алайда біз оны сөзсіз орындауға тырысуымыз қажет. Жалпы, біз алдымызға қол жеткізе алмайтын тым асқақ мақсаттар қоймауымыз керек. Бірақ ғылыми жетістіктерге жету үшін бар күш-жігерімізді салуымыз қажет», (https://halyq-uni.kz/) –  деген болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы  Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында.

Ел Президенті ендігі жерде байлық пен жақсы өмірдің кілті ғылымда екенін меңзеп отыр. Осы себепті отандық ғылымды дамыту мақсатында тың бастамаларды қолға алды. Бұл өз кезегінде ғылымға жаңа серпін берді. 

Түркістан қаласында «Қазақ тілі – ғылым тілі: жасанды интеллект жәнетерминология» тақырыбында Халықаралық ІІ симпозиум өтіп жатыр. Ғылыми жиынға түркі дүниесінен 500-ге жуық ғалымдар қатысып, ғылымдағы, жасанды интеллектідегі қазақ тілінің терминологиялық мәселелерін талқылады. Симпозиум – қазақ тілініңғылымдағы қолданысын кеңейтуге, халықаралық деңгейде танылуына, сондай-ақ, жасанды интеллект технологияларын тілтану саласына енгізуге бағытталды. Бұл – тілмамандары, IT мамандар, ғалымдар, терминологтар, білім беру саласының өкілдеріүшін үлкен пікірталас алаңына айналды.

Симпозиумда 5 секция жұмыстары және бірнеше workshop-тар өткізілді. Шеберлік сағаттарында жасанды интеллектіні білім мен ғылымда тиімді көмекші құрал ретінде пайдалану тәжірибесі айтылды. Бұл өз кезегінде бүгінгі өскелең ұрпақ пен аға ғалымдардың заманауи технологияны игерулеріне пайдалы болды. 

Сондай-ақ халықаралық деректер қорына енетін рецензияланған журналдардың редакторлары жиналып өзара пікіралмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Университет ректоры Ж.Темірбекова, ректор өкілі, профессор Н.Генч workshop-қа арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі. Пікір алмасу алаңында «Bilig» журналының редакторы Ф.Пурташ, «Türk Kültürü ve Hacı Bektaş Veli Araştırma» журналының редакторы М.Каракулак, «Türkiyat Mecmuası» редакторы Э.Темел Алемдар, «KIPD Bulletin» журналының шығарушы редакторы С.Аубакирова және т.б. ғылыми басылым редакторлары тәжірибелерімен бөлісті. Түркі әлемі редакторларының басын қосқан жиында Халықарлық индекстелетін журналдар базасына журналдардың қосылу талаптары сөз болды.    Сонымен қатар журналдардағы ғылыми мақалалардың сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар мен ЖИ көмегімен әзірленген ғылыми мақалалардың мәселелері талқыға түсті. 

Әлемдік ғылыми журналдар халықаралық индекстелетін базаларға енуді басты мақсат етеді. Бұл мақсат қазақстандық ғылыми журналдардың да  алдына қойылып отыр. Таяуда еліміздің бірнеше ғылыми журналдары халықаралық деректер қорына кіретін басылымдар қатарына қосылды. Халықаралық ғылыми жиында қазақ тілінің ғылыми мақала жариялаудағы үлесі едәуір артып отырғанын ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің сыртқы бағалау және талдау басқармасының басшысы Қ.Сәкенова мәлімдеді. 

Қазақ тілінің ғылым тіліне айналуы үшін алғышарттар жасалуда. Ахмет Ясауи университеті дәстүрлі Халықаралық симпозиум өткізуді қолға алды. Алқалы ғылыми жиында ана тіліміздің ғылым тіліне айналуы үшін атқарылатын жұмыстар бағыты айқындалды. 

Асқат Кеңесұлы.

Фото: Серікболсын Шері.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...