12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мекеме психологтары сотталғандарға ауқымды тренинг ұйымдастырды

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде ҚАЖ департаментіне қарасты № 60 мемлекеттік түзеу мекемесінде психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлерінің ұйымдасыруымен «Суицидтің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді.
Іс-шараға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Психологиялық қолдау орталығының психологі Дарибаева Сәндігүл қатысып, суицидтің айықпас дерт екенін, бұл дерт қәзіргі күннің өзекті жан ауыртар мәселесіне айналып отырғанын, суицид жағдайын болдырмау және оның алдын-алу да қәзіргі уақытта ең өзекті мәселе болып табылатындығын түсіндірді.
Шараның мақсаты түзеу мекемелдерінде және одан босатылғаннан кейін де қылмыстық жазасын өтеп жүрген сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету және осы салада тиімді ынтымақтастық орнату.
Тренинг барысында адамның өзін-өзі бағалау қасиетін арттыру, суицидтің алдын алу, сонымен қатар еркіндікке шығуға психологиялық тұрғыдан даярлау сияқты түрлі тақырыптарда тренингтер ұйымдастырды. Сонымен қатар психологтар сотталғандарды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Мысалы: жаңа жағдайға бейімделу,отбасы мүшелерімен жаңа қарым-қатынас орнату туралы өзара әңгімелер өткізіліп, сотталғандарға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді.
Айта кету керек, аталған іс-шара қатысушылар үшін тәжірибелік пайдасы жоғары атмосферада өткізілген тренинг болды.

№60 мекеме баспасөз қызметі

Перспективы для инвестиций

ИНВЕСТИЦИОННО-ЭКОНОМИЧЕСКИЙ ПОТЕНЦИАЛ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ БЫЛ ПРЕЗЕНТОВАН НА МЕЖДУНАРОДНОМ БИЗНЕС-ФОРУМЕ...

Обеспечить защиту информации

Встреча военных специалистов в области защиты информации и противодействия...

Удар ниже пояса

Признаюсь, был в шоке, когда в воскресный день пришел...