12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдықмерейтойына арналған іс-шаралар басталды


Бүгін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Халық қаһарманы, көрнекті композитор, күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Әлқисса-Нұрғиса» атты мерейтойлық концерттің салтанатты ашылуы өтті.

Бұл концерт композитордың 100 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бағдарламасының бастамасы болды.

Кеште ұлы тұлғаның құрметіне Мемлекет басшысының атынан гүл шоқтары табыс етілді.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, белгілі музыканттар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, сондай-ақ еліміздегі өнер ұжымдары қатысты. Олардың қатарында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырарсазы» оркестрі,  Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық филармониясының симфониялық оркестрі, Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы және танымал әншілер мен өнерпаздар бар.

Концерттік бағдарлама бойынша көрерменге Нұрғиса Тілендиевтің қазақ музыкасының алтын қорына енген шығармалары ұсынылды.

Жыл бойы Қазақстанның барлық өңірінде 100-ге жуық іс-шара  өтеді. Атап айтсақ, көрмелер, концерттер, байқаулар мен фестивальдер ұйымдастыру жоспарланған.

Қазақ музыкасының дара тұлғасының мерейтойы тек елімізде ғана емес, ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ сияқты беделді ұйымдардың қолдауымен халықаралық деңгейде де аталып өтеді.

Мерейтойлық бағдарламаның басты іс-шарасы– Қазақстанның Мәдениет күндері аясында Франциядағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде өтетін Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналғансалтанатты концерт. Сондай-ақ АҚШ-та, әйгілі Карнеги-холлда, концерт пен көрме ұйымдастырылса, Бейжіңде «Құстар қайтыпбарады» концерті аясында композитордың әндері орындалады.

ҚР Мәдениет жәнеақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

В учреждении №2 ДУИС по городу Астана пресечена попытка проноса запрещённых предметов

14 июля 2025 года в учреждении №2 Департамента уголовно-исполнительной...

Была организована совместная акция «Qoldau»

Таможенным постом «Жетысу» Департамент государственных доходов по городу Алматы...

Жемқорлықты болдырмау міндетіміз

Жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және...

«Тіл – асыл құндылығымыз»

Біз қазақ деген ұлы халықпыз. Тілімізде, дінімізде тек қана...