АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАСЫНА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

Түркістан облысының экономикасында ауыл шаруашылығы саласының алатын орны зор. Мұнда өңір халқының тең жартысынан астамы ауылдық жерде тұрады. Сондықтан агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту маңызды рөл атқарады.

Мемлекет басшысы да «Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің» бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізуді міндеттеген еді. Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, өңірде 3 мың ауыл шаруашылығы техникаларының пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан. Сол себепті алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы техникалары паркін 35 пайызға жаңарту жоспарланып отыр. Бұл мәселенің түйінін тарқату үшін шаруашылық техникаларын шығаратын жаңа өндіріс орнын ашу қарастырылуда. Ол «Агромашхолдинг» АҚ-ның президенті Динара Шүкіжанованың Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесуінде де сөз болды. Өңірде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылау кезінде ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт ашу жөнінде келіссөз жүргізілді. – Түркістан облысы – аграрлы аймақ. Ауыл шаруашылығы техникаларына сұраныс өте жоғары. Сондықтан арнайы зауыт пен сервистік орталықты өңірімізден ашу тиімді болады. Арнайы ғимарат, жер және инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі. Бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз, – деді Нұралхан Көшеров. Ал Динара Шүкіжанованың айтуынша, онда АҚШ пен Қытайдың да үлгілері қолданылмақ. Бұл үшін алдымен мамандар өндірістік паркпен танысып, жаңа өндіріс орнын ашу мәселесі бойынша зерттеу жүргізіп, олардың сараптамасы негізінде нақты шешім қабылданатын болады.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...