12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Заңды білген зардап шекпейді

Құқықтық сауатты арттыру азаматтардың өзіне ғана емес, мемлекетке де пайдалы. Себебі, халықтың құқықтық мәдениеті толысқан сайын дау азаяды, келіспеушіліктер кемиді, қоғамда мәдениет пен өркениет өрісін кең жаяды. 

Азаматтардың заңнан хабары артқан сайын, зардап шегетіндер қатары азаяды. Құқықтық білім мектеп қабырғасындағы сауат ашу сабақтарынан бастау алады. Білім ордаларында Ата заңның кепілдіктерін түсініп, түйсініп өскен, қоғам дамуындағы азаматтық ұстанымның ықпалын ұғынып ер жеткен ұрпақтың жаңа заңдарды даярлау ісіне де шетін қарап, бейжайлық танытпайтыны түсінікті. Құқықтық құжаттарды тәжірибеде сынап, оңы мен солын ажыратуда да тек осындай елдегі жағдайға есті көзбен қарайтындардың көмегі көп.

Кез келген жаңа заңды, құжаттағы өзгерістер мен толықтыруларды кешеуілдетпей көпшілікке таныстырып, түсіндіріп отырудың маңызы зор. Бұл халықтың құқықтық мәдениетін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге азаматтарды алданудан, сауатсыздық салдарынан сергелдеңге түсуден сақтайды. 

Осы жағдайды ескере келе Медеу аудандық сотының судьялары жаңа заңдардың артықшылықтары туралы үнемі ой бөлісіп, азаматтар тарапынан қойылатын сұрақтарға ұдайы жауап беруді, құқықтық кеңесін айтып, түзу жол көрсетуді дәстүрге айналдырған. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да үзілмейді. Себебі азаматтар өзінің заңдық сауатын көтеріп, өз құқығын заңгердің көмегінсіз қорғай алса қоғамда да алға жылжу болары даусыз. 

Л.Ахметова,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Человек труда достоин уважения

СОСТОЯЛСЯ XXVII СЪЕЗД ФЕДЕРАЦИИ ПРОФСОЮЗОВ РК, В КОТОРОМ ПРИНЯЛИ...

Афганская «дорожная карта»

В РАМКАХ ВИЗИТА В АФГАНИСТАН ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА – МИНИСТР...

О гендерном балансе на рабочем месте

ПРОБЛЕМА ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО КЛИМАТА В ТРУДОВОМ КОЛЛЕКТИВЕ ТЕМА НЕ НОВАЯ,...

Вклад деловых женщин

В республике повсеместно проводятся мероприятия и акции в поддержку...

На страже порядка 

В последние годы в нашем обществе все более актуальными...