Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу маңызды

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қай мемлекетте, қай кезде болсын өзекті. Себебі жемқорлық пен парақорлық дендеген елде даму болмайды. Жең ұшынан жалғасқан сыбайластар халықтың мемлекетке, елдің ертеңіне деген сеніміне селкеу түсіреді. Сондықтан, басқа өркениетті елдер секілді Қазақстанда да кеселмен күреске айрықша ден қойылған.

Қазақстан жемқорлыққа қарсы қадамдарын заңмен бекітіп, бұрынғы кеңестік мемлекеттер ішінде ең алғаш «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңды қабылдаған мемлекет. Сонымен бірге біздің еліміз әлемдік індетке қарсы стратегиялық бағдарламаларын жетілдіріп, күн тәртібінен түсірмей келе жатыр. Ең бастысы, бұл ауқымды іске барлық сала белсенді атсалысуда. Бұл қатарда еліміздің Жоғарғы Соты да бар.

Жоғарғы Сот сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда басты бағдары етіп белгілеген. Соған орай соттарда ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімдері құрылып жүйелі жұмыс жүргізуде. Сот құрылымында саладағы сыбайлас жемқорлық факторларының алдын алу үшін және жедел әрекет ету мақсатында бөлім «сенім телефонын» іске қосқан. Халық пен билік арасындағы алтын көпірді жалғауды көздеген бұл сенім телефондары сот жұмысындағы кемшіліктерді анықтауға, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, парақорлыққа жол бермеуге бағытталған. 

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық, насихат жұмыстары да тұрақты назарда. Әсіресе, сала жұмысындағы ашықтық, қолжетімділік пен жеделдік жегіқұрттың жойылуына пәрменді әсер етті. Сот жұмысына ақпараттық технология мен заманауи құралдарды қолданудың арқасында, жең ұшынан жалғасудың мүмкіндігі шектелді.

Осындай игі істер сыбайластықтың тамырын терең жаймауына ықпал етіп отыр. Дегенмен, іштен ірітетін жемқорлықты бірдің күшімен емес, көптің араласуымен жолға қойсақ, ұтқанымыз.

Г.Бейсенова,

Алматы қаласы 

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы 

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...

Министрлік Қазақстан азаматтарының дербес деректерінің таралуы және олардың даркнетте тергеуі туралы ақпараттан хабардар

Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен байланыс ақпаратқа техникалық тексеру жүргізуде....

Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан...

Жастарға мемлекеттік қызметке жол ашылды

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясатты...