«Әулие-Ата — кітап оқитын өңір»

Жамбыл облысында 2025 жыл «Кітап оқу жылы» болып жариялануына орай Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әулие-Ата кітап оқитын өңір» атты жоба аясында қызықты кездесу өтті.

Іс-шараға Тараз қалалық кітапханасының өкілдері және кітап сүйер судьялар мен соттың мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Іс-шара барысында кітапхана өкілдері кітаптар жинағын әр жанрда ұсынды. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, қызығушылық білдіріп, судьялар мен сот қызметкерлеріне оқу, тану мақсатында бірнеше кітаптар үлестірілді. Мысалы Қ.Жолдыбайұлының — «Кемел Адам», «Абайдың қара сөздері», А.Эльдердің – «Трейдинг», А.Бектің – «Волоколамское шоссе» сияқты шығармалары ұжым мүшелерімен оқуға алынды.

Кітапхана өкілдері кітаптарды әр қатысушыға 1 ай мерзімге берілгендігі, сонымен қатар 1 ай мерзім өткен соң кімнің қандай деңгейде кітаптың ішкі мазмұнын танып білгендігіне қарай оған сәйкес сый-сияпаттар күтетіндігі жайлы айтып жеткізді.

         Өткізілген кездесу соңында қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне алғыс айтып, алдағы уақытта да осындай кездесулердің жиі өткізіліп тұру қажеттігі жайлы ортақ пікірге келді.

Өз тілшіміз

 

 

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...

Министрлік Қазақстан азаматтарының дербес деректерінің таралуы және олардың даркнетте тергеуі туралы ақпараттан хабардар

Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен байланыс ақпаратқа техникалық тексеру жүргізуде....

Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан...

Жастарға мемлекеттік қызметке жол ашылды

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясатты...