Заң факультеті студенттері ТДМ 16 мақсатын талқылады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультеті  БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 16-шы мақсаты – «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тақырыбында бірнеше іс-шаралар өткізді. Бұл кездесулерде студенттер әділетті қоғам құру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және адам құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

Оқу ордамыздың білім алушылары  талқылау барысында әділеттіліктің тарихи дәстүрлері мен заманауи модельдерін талқылап, интерактивті тренингтерге қатысты. 

     Студенттердің пікірінше, ТДМ 16 мақсаты тек академиялық талқылаулардан тұрмайды – ол практикалық шаралар мен қоғамдағы өзара байланыстарды нығайтуға бағытталуы тиіс. Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында университетте арнайы курстар мен семинарлар өткізу тиімді деп есептейді.Білім алушылар өздерінің ұсыныстары мен зерттеу нәтижелерін университет әкімшілігі мен азаматтық қоғам өкілдеріне жеткізуге тырысты, осылайша, әділетті және ашық қоғам қалыптастыру жолындағы өз үлестерін көрсетуге ұмтылды. Студенттердің ТДМ 16 мақсатын талқылауы – болашақ ұрпақтың саяси және әлеуметтік процестерге белсенді қатысуының айқын белгісі. Олар қазіргі таңда орын алып жатқан реформаларды, әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз етудің заманауи әдістерін зерттеп, ұсынатын шешімдердің қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал ететіндігіне сенеді. Сонымен қатар, бұл талқылаулар келешекте саясат, құқық және басқару салаларындағы инновациялық жобалардың негізін қалайды.

     Қазақ ұлттық университетінің студенттері жоғарыда аталған мақсатты талқылау арқылы заманауи қоғамның өзекті мәселелеріне назар аударып, әділетті, ашық және тиімді басқару жүйелерін қалыптастыруға өз үлестерін қосты. Осы іс-шаралар жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және құқықтық сауаттылықты дамытуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Болашақта осындай талқылаулар мен жобалар қоғамның тұрақты дамуына септігін тигізеді деп сенім артуға болады.

Усеинова К.Р

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к

Ахметжанов Б.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 2 курс магистранты

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...