Қызылордада сотталғандар арасында дойбыдан жарыс өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №37 мекемесінде сотталғандар арасында дойбыдан жарыс өтті. Іс-шараны мекеменің әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмыстары бойынша бөлім қызметкерлері мен Қызылорда қаласы дене тәрбиесі, спорт және туризм басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.

Спорттық шараға жазасын өтеп жатқан азаматтар қатысып, өзара мықтыны анықтады. Ойын барысында қатысушылар бар шеберлігін көрсетті.Жарыс нәтижесімен жеңімпаз атанған сотталғандар марапатталды.

“Бала кезімнен дойбы ойынын жақсы көремін. Дойбы – тек ойын ғана емес, логиканы дамытып, шапшаң ойлануға мүмкіндік береді. Бүгінгі жарыста жеңімпаз атану үшін бар күшімді салдым. Осындай жарыстар біздің көңілімізді бөлеп, алға ұмтылуға күш береді. Мекемеде түрлі шаралар жиі ұйымдастырылады. Барлық мәдени- спорттық шарадан қатысамын”, – дейді сотталған азамат.

Мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметовтың айтуынша, мұндай шаралар сотталғандардың уақытын тиімді өткізуіне, ой-өрісін дамытуына және оң әлеуметтік орта қалыптастыруға септігін тигізеді. ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында түрлі спорттық және мәдени іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырып тұрамыз. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етеді ,-дейді әділет майоры.

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...