Абай облысында қауіпсіздігі орташа мекемесінде сотталғандар сенбілікке шықты

Тазарту күні қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар сенбілікке шықты.
Сотталғандар қажетті құрал-жабдықтар мен қоқыс жинайтын дорбаларын алып, тазалау үшін мекеме аумағына шықты. 200-ден астам адам тұрмыстық қоқыстарды, былтырғы жапырақтарды, пластик пен қағаз қалдықтарын жинады.
-Еңбек адамды күшейтеді, ал тазалықта өмір сүруге деген ұмтылыс екі есе артады. Сенбілік — бұл аумақты абаттандыру және тазарту жөніндегі іс-шара ғана емес, сонымен қатар қоғамдық рухты көтерудің тамаша тәсілі, — деді бастықтың орынбасары Серік Жанғасканов.
Мұндай іс-шараға сотталғандардың өздері бастамашылық еткені атап өтілді. Бұдан былай мұндай сенбіліктер жақсы дәстүрге айналады.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...