Мекемеде ұлттық киім күні аталып өтті

2024 жылдан бастап Мемлекет басшысының ұсынысымен еліміздің барлық өңірінде Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізу жоспарланған болатын
Тарихи тұрғыдан алғанда он күнге жалғасатын бұл іс-шара Наурызнама деп аталады. Мерекені 14-24 наурыз аралығында өткізу ұсынылды. Наурыздың бірегей логотипі бекітіліп, еліміздің барлық аймағына таралды.
Ұлттық киім-ұлттың сәні ғана емес, болмысын да айшықтайды. «Наурызнаманың» 5-ші күні, яғни, 18 наурыз — Ұлттық киім күніне арналды. Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің 79 мекемесінің қызметкерлері осы атаулы мерекені атап өтті. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналуда. Ұлттық брендімізге айналған – ұлттық киімдердің ұлықталатын көңілге жылылық ұялататын ою-өрнекпен безендірілген киімдер расында, көздің жауын алады.
Ұлттық киім күні дәстүрлі киім арқылы мәдени дәстүрлердің бірегейлігі мен алуан өзгешілігін көрсететін маңызды оқиға. Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді. Мекеменің қызметкерлері де бұл күнді арнайы нысанды киіммен емес, ұлттық киіммен өткізді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...