12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

№60 мекеме қызметкерлері Қызылорда облыстық «Анаға тағзым» мәдени орталығымен бірлесіп «Амал келді, жыл келді» тақырыбында мерекелік шара өткізді

Ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Мемлекет басшысы 2024 жылы мақұлдаған Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес 14 наурыз «Көрісу күні-Амал мерекесінен» бастау алатын он күндік мереке жаңартылған форматта өкізіледі.
Осыған орай ҚАЖД №60 мекеме қызметкерлері Қызылорда облыстық «Анаға тағзым» мәдени орталығымен бірлесіп «Амал келді, жыл келді» тақырыбында мерекелік шара өткізді.
Шараның мақсаты көнеден келе жатқан ұлттық мейрамның мәнін ашып, ұмытылып бара жатқан әдеп-ғұрыптарымызды өскелең буынға дәріптеу.
Шарада «Аластау» дәстүрі, «Жарапазан» ғұрыптық әні, Бәдік жыры орындалып, «Тұсау кесер» рәсімдері көрсетілді. Қатысушылардың зеректігі мен білімін сынау мақсатында Наурыз айында өткізілетін «Ұйқыашар» жоралғысы, «Саумалық» айту салты, «Құтаю» рәсімдеріне қатысты сұрақтар қойылып, әр ғұрыптың мән-маңызы кеңінен түсіндірілді. Құлақ құрышын қандырар қазақтың ұлттық ән-жырлары нақышына келтіріп орындалды.
Қазақ халқының ең маңызды ғұрыптарының бірі-тұсау кесу. Бұл баланың өмірдегі жолы жеңіл және жарқын болуы үшін аяғындағы тұсауын кесу дәстүрі. Бүгінгі іс-шарада №60 мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тұсау кесу рәсімі өткізілді. Рәсімдегі тұсауы кесілетін кішкентай кейіпкеріміз Нұрғиса Нұрдидар Айбекұлы, оның әкесі мекеменің аға лейтенанты Орынбаев Айбек Нұрғисаұлы.
Рәсім бойынша тұсауын кесетін адамның темпераменті балаға беріледі деп саналады, сондықтан бұл үшін балаға үлгі болатын адам таңдалады. Бұл ретте, №60 мекеме бастығы орынбасары, әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы кішкентай азаматтың тұсауын кесіп, ақ батасын берді. Сонымен қатар рәсім бойынша арнайы кәдесыйларын табыстап, кішкентай батырдың қолына қамшыны ұстатып, қамшының қасиеті туралы шағын мағұлұмат беріп өтті.Қашанда қазақ халқы үшін қамшы сыйлау-құрметтің белгісі. Қамшы-қазақ халқының қолөнері,сонымен қатар мәдени өміріндегі, тарихындағы, тұрмыс-тіршілігіндегі,рухани дүниетанымындағы материалдық көне мұраға айналған құнды жәдігері. Ерліктің, ерен күштің, қайсарлықтың белгісі «ер қаруы-бес қарудың» қызметін қапысыз атқарған қамшы бұйымының қасиетін бүгінде жас буынның бірі білсе, бірі білмейді. Қамшыда кие болады, қамшыда айбар болады, қолына қамшы ұстаған азамат айбарлы көрінеді. Сондай жақсы ниетпен, әрі салт-дәстүрді жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында осы қамшыны сыйлауды жөн көрдім. Кішкентай Нұрдидардың қадамы оң болсын, елдің баласы болсын. Халқына, отанына адал қызмет қылсын деді мекеме бастығы орынбасары, әділет подполковнигі Ускенбаев Алтынбек Тұрарбекұлы.
-Әз Наурыз қарсаңында өткізіліп отырған бұл тұсау кесер рәсімі барлығымыз үшін есте қаларлық шара болды.

60 мекеме баспасөз қызметі

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...