5 наурызда Жетісу ауданында «Жақыныңа көмектес» акциясы өтті

Бүгін Алматы қаласы Жетісу-2 ауданындағы комьюнити орталығының жастары «Жақыныңа көмектес» акциясы аясында аудан тұрғыны, зейнеткер Зоя Николаевнаға көмек көрсетті. Белсенді жастар оның ауласын тазалап, қарт тұрғынға тұрмыстық шаруалар бойынша қолғабыс жасады.

Игілікті шараның басты мақсаты – қоғамда өзара көмек көрсету мәдениетін қалыптастыру және оны кеңінен насихаттау. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар тек жақын адамдарға ғана емес, тұтас қоғамға үлгі бола алады.

«Әрбір жасалған жақсылық – үлкен өзгерістердің бастауы. Өзара көмек пен қолдаудың маңыздылығын түсініп, бір-бірімізге қол ұшын созу арқылы біз мықты, біртұтас қоғам қалыптастырамыз», – дейді шараға қатысушылар.

Жетісу ауданының тұрғындары аталмыш акцияға белсенді түрде қатысуға шақырылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі істер тұрақты түрде жалғасын табады.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...