СОТТАР ЖҰМЫСЫ АШЫҚ, ЖАРИЯЛЫ, ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛУЫ ТИІС

Әділдік туын биікте ұстаған қазақтың билері Төлеби, Қазыбек би мен Әйтеке билер, қайсыбір даулы істі көпшілік алдында шешіп беріп, сол атамзаманғы кезеңде ақ, олардың ашық, жариялы, халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз еткені белгілі. Қандай шешім қабылдамасын,  халыққа жария етіп қана қоймай, ауылдың әділқазылар алқасы мен ақсақалдарына жауапкерге қатысты жазалауды өздері шешуін тапсыратын. Барымта, қыз зорлау, ұрлық пен тонау сияқты толып жатқан ірілі-кішілі қылмыстар мен құқықбұзушылықтардан хабардар болып отыратын халық сол қылмыскерлер мен баукеспе ұрыларға, барымташылар мен түрлі басбұзарларға, қатысты жазаны өздері жиі тағайындайтын.

Бүгінгі таңда зайырлы мемлекет Қазақстан Республикасындағы соттардың да жұмысы ашық, жариялы, қолжетімді болуына республиканың сонау Жоғарғы сотынан бастап, облыстық, аудандық, қалалық соттардың қызметкерлері де барынша атсалысып келеді. Зайырлы мемлекет болғаннан кейін даулы мәселеге соңғы нүкте қоятын сот судьялары, бұл жерде халықтың рөлін адвокаттар мен прокурорлар, кәсіби медиаторлар атқарады.

Қай сотты алып қарамайық, онда баспасөзге жауапты белгілі бір маман болады, міне, сол маман сот шешімдерін, әсіресе, халық арасында үлкен  пікірталас тудыратын шешімдерін баспасөз беттеріне жариялап,  халық назарын аударады, сол шешіммен танысқан азаматтар, тараптар сол баспасөз құралы арқылы өз ойы мен пікірін білдіре алады.

Біз Түркістан облыстық сотының баспасөз бөлімінің қызметкерлері де осы аса маңызды іске барынша байыпты, үлкен жауапкершілікпен қарап, халық соттар жұмысымен етене таныс, сол жұмысқа өз ойы мен пікірлерін, ризашылығы мен қарсылығын білдіре алатындай барлық жағдай жасап келеміз.

Заманбек ИСМАИЛ,

Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы

Ұлытау облысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі бағыттар талқыланды

Ұлытау облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы...

Ашықтық  сотқа деген сенімді нығайтады

«Заң мен тəртіп» қағидатының жүзеге асуы ең алдымен заң...

Әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде...

Әскери тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» қағидаты — мемлекеттік басқару...

АЛМАТЫДАҒЫ СОТТАЛҒАН БАЛАЛАР АРАСЫНДА МЕШІТ ИМАМЫ КІТАП ОҚУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қоғамда кітап оқу мәдениетін дамытуға,...