12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді.

«Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын салып, ақырында толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептеймін», — деді Президент.

Мемлекет басшысы осы міндеттің айрықша маңызды екенін айтты.

«Мен Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдадым.

Біз газ бен көмір өндіру ісіндегі мүмкіндіктерімізді, сондай-ақ жаңартылатын қуат көздерінің әлеуетін толық пайдалануымыз керек», — деді Мемлекет басшысы.

Туризм тұрақты табыс көзіне айналып келеді

Кейінгі бірнеше жылда, әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін туризмде ілгерілеу...

Мелекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы

Мемлекеттік қызмет — бұл мемлекеттік қызмет саласы және мемлекеттік...

2025 жылы ипотекамен үй алу үшін айлығыңыз қанша болуы керек

Қазақстанда нарықтық ипотека мөлшерлемелері әлі де жоғары болып отыр, яғни жылдық мөлшерлеме 20%-дан асады. Ал "Отбасы банктегі" жеңілдетілген бағдарламалар қолжетімдірек болғанымен, онда тұрақты ресми табыс талап етіледі.

Қазақстандағы ломбардтар банктерден де көп табыс тапты ма?

Қазақстандағы ломбардтардың капиталы бір жыл ішінде 80%-ға жуық өсіп, 334 миллиард теңгеге жетті. Алайда сектордың өсуімен қатар бақылау да күшейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаражаттың шығу тегін және заңнаманың сақталуын қатаң қадағалауда.