12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ЦИФРЛАНДЫРУ ҮДЕРІСІ ҚАРҚЫНДЫ

Қазақстанда сот жүйесін цифрландыру үдерісі қарқынды дамып, сот төрелігінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар жасалуда.

Істерді қарау барысында сот арқылы кең көлемді түрлі ақпарат айналымын қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды енгізу қажеттігі туындады. Күн сайын мыңдаған істер қаралып, сот актілері шығарылады. Қаралған істер бойынша қатысушылар, істің мəн-жайы, басқа да қажетті көптеген ақпараттар жиналады.

Жаңа технологияларды енгізу аясында «Сот кабинеті» сервисі ұсынатын қызметтерді кеңейтіп, ол іс жүзінде сот қызметтерін көрсетудің мамандандырылған виртуалдық орталығына айналды. Жасанды интеллект элементтерін пайдалану виртуалды сот қызметі орталығының мүмкіндіктерін толықтыра отырып, сот мəжілісіне қашықтан қатысуға мүмкіндік берумен қатар, сот талқылауын басқа тілге аударуға ықпал етеді. Сот мəжілісінің дыбыстық жазбасын, толыққанды мəтіндік хаттама жүргізу үшін, белгілерді орнату, сөздік тану қызметі арқылы мəтіндік форматқа тікелей аударма жасай алады. Осы жағдайда сот органдарымен байланыс орнатуға арналған мамандандырылған мобильдік қосымшаны əзірлеу қажеттігі пайда болады. Ол сот мəжілістеріне қашықтан қатысуға мүмкіндік беріп, тұлғаны визуалды куəландыруға жəне сот кабинетінің барлық мүмкіндіктеріне жол береді, мысал ретінде IOS жəне Android платформаларына арналған Smart Sot Mobil бағдарламасын атауға болады. 2025 жылға қарай Қазақстан сот жүйесінің цифрландыру деңгейі айтарлықтай жоғарылады. Алайда, бұл бағытта əлі де атқарылатын жұмыстар бар. Алдағы уақытта жасанды интеллектті енгізу, деректерді талдау құралдарын пайдалану жəне азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру арқылы сот жүйесінің тиімділігін одан əрі жоғарылату жоспарлануда. Сот жүйесін цифрландыру Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуына жəне азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды қадам.

А.СЕРҒАЗИЕВА,
Абай облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының
бас маманы-сот
отырысының хатшысы

Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары жауапкершілікке тартылды

2025 жылғы наурыз айының 11-14 аралығында «Мигрант» жедел профилактикалық...

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады

Қазақстанда Президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігі құрылады. Бұл туралы...

Тоқаев жаңа маңызды тасжол құрылысы басталатыны туралы жариялады

Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев елдің...

“Бір адам бірнеше рет алған“. Тоқаев марапаттарды ретке келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың IV сессиясында сөйлеген...

Бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бірегейлікті дәстүрлі мәдениет арқылы нығайтудың...